Дошкольник            
                   
Получить сертификат публикации

Педагогам

Поиск

Дошкольник.ру

Дошкольник.ру - сайт воспитателя, логопеда, дефектолога, музыкального руководителя, методиста, инструктора по физической культуре, родителя. Предлагаем педагогам помощь в аттестации.
дошкольник.рф - журнал воспитателя.

Рейтинг@Mail.ru Яндекс цитирования
Яндекс.Метрика

Размещаем статьи

Публикация статей бесплатно для педагогов с выдачей сертификата

Условия выдачи Сертификата

Фейсбук

Подписаться на facebook.com
Тақырыбы: Күзгі орманға саяхат
Учим Языки
Автор: Еркежан Ахылбекқызы Ауданбекова   
09.03.2015 01:04

Тақырыбы: Күзгі орманға саяхат

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған іс-әрекет: Қоршаған дүниемен таныстыру

Скачать презентацию

Мақсаты:

Білімділік: Күзгі ормандағы табиғи құбылыстарды, жылы жаққа ұшатын және қыстап қалатын құстар түрлері, олар жайлы мәлімет біледі, ағаш тұрлері олардың түр сипаты, жапырақтары тұсіндіру

Дамытушылық: Жабайы жануарлар жайлы білімдерін толықтырады, сөздік қорлары, ойлау қабілет, зейіні дамиды.

Тәрбиелік: Табиғатты, жан-жануарларды, құстарды аялауға, күтуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ –жауап, әңгімелеу, әңгімелесу, ойын, тапсырмалар, ұжымдық жұмыс

Белингвалды компонент: Орман – лес, күз – осень құстар – птицы, жануарлар-животные, ағаштар – деревья

Көрнекіліктер: Күзгі орман суреті, құстар суреті және мозайкасы, жануарлар және ағаш тұрлеінің суреттері

Ұйымдастырылған іс-әрекет кезеңдері Тәрбиеші іс-әрекеті Балалардыі іс-әрекеті

1. Ұйымдастырушы

ізденушілік қызмет кезеңі Шаттық шеңбері: Шартты белгілер:

Қол- амандасу

Жүрек бетінен сүю

Күн –құшақтсау

Кұлкі – күлімсіреу

Балалар шаттық шеңберін орындайды

2. Ұйымдастырушы қозғаушы қызмет кезеңі

Бекіту

3. Рефлексия

- Балалар қазір қай жыл мезгілі?

- Күздің қай айы?

- Күздің айларын атаңдаршы?

- Күзде қандай табиғи өзгерістер болады?

Олай болатын болса балалар біз қазір күзгі орманды бақылауға саяхатқа барайық!

Балалар көздерін жұмады сиқырлы әуен жығып, орманға саяхатқа аттанамыз!

Балалар орманның орысша атауы қандай? ЛЕС!

Балалар көздін ашады, орманға келдік!

Балалар қараңдаршы орманға баратын жолдың бәрі жапырақтармен жабылған.

Алтын күз ормандағы жануарлармен құстардың, ұйқыға кеткен өімдіктердің тыныштығын ешкім бұзбасын деп, жапырақтарды сиқырлап тастапты!

Біз орманға кіру үшін мына сиқырланған жапырақтардың тапсырмаларын орындауымыз керек!

Балалар біз бұған дайынбызба?

1 жапырақ Үйеңкі:

- Балалар мұқият тыңдаңдаршы, мына орманда құстардың әндері естілмейді неге?

- Біз қандай жылы жаққа ұшып кететін құстарды білеміз: Қарлығаш, ұзақ, қараторғай, бұлбұл

Суреттерін ілу, түр сипатын айту, неліктен бұл құстар ұшып кетеді?

Балалар тағы қыстап қалатын құстап бар, қазір біз оларды тауып көрейік:

Секектеп бiр тұрмайды;

Өреден құрт ұрлайды. (Сауысқан)

Қара түстi қарқылдақ,

Ұшып-қонып жалпылдап.

Қоқыстарды шоқиды,

Жем iздейдi там-тұмдап. (Қарға)

Әуеде бiр ноқат

тапжылмай қалқып тұр,

Әдемi бiр ырғақ

аспаннан шалқып тұр. (Торғай)

Дән-дақылды сүйеді

Дәнді берсең айналшықтап жүреді

(Көгершін)

Ойын: Мозайка құрастыру.

Төрт топқа төрт құстың мозайкасын таратып береді. Қай топта қандай құс шықты.

Құстар сөзінің орысша атауы қандай?

2 жапырақ: Сергіту сәті

Қарлығаш болып ұшайық

Бір отырып тұрайық

Ұшып ұшып алған соң орнымызға қонайық.

3 жапырақ: балалар мына орманға қараңдаршы, мынау шығып тұрған ненің бастары мен құлақтары?

Қазір бұлардың нелер екенін анықтайық.

Түлкі: Түлкі балалар қандай жануар?

- Түсі қандай?

- Жүні қандай?

- Ол немен қоректенеді?

Түлкінің суретін жапсыру

Қоян: Қоян қандай жануар?

Оның түсі қандай?

Ол немен қоректенеді?

Қоянның суретін жапсыру

Қасқыр: Қасқыр қандай жануар?

Түсі қандай?

Ол немен қоректенеді?

Қасқырдың суретін іледі.

Аю: аю қандай жануар

Түсі қандай?

Ол немен қоректенеді?

Аюдың суретін ілу.

Тапсырма: Азығын тап

Шарты: Топтарға карточкалар таратылып береді. Жануарлардың азықтарын табады.

Жарайсыңдар балалар!

Жабайы жануарлардың орысша атауы қандай дикие животные.

4 жапырақ: Балалар біз барлық жапырақтарды алдық, бірақ 4 ші жапырақтың шарты, бұл жапырақтардың қай ағаштардан түскенін анықтауымыз керек.

Біз қоршаған дүниемен таныстыру сабағында бұл ағаштармен танысқанбыз!

1 жапыраққа назар аударайықшы

Мынау без бұрышты, жұлдыз тәрізді қай ағаштың жарыарқтары?

Үйеңкі, алдарыңда үйеңкі жапырақтары болса мына ағашқа жапсырыңдар.

2 жапырақ. Қылқан жапырақты біздң бірақ ағаш түрі бар ол не?

Шырша! Шыршаның жапырағын жапсыру.

3 жапырақ Балалар дүниеде жалғыз осы жапырақтың ағашы аппақ, әдімі?

Қайың! Қайың суретін жарсыру

4 жапырақ: Бұл жапырақ, әлемдегі ең алып ағаштардың бірі.

Емен. Еменнің суретін жапсыру.

Балалар міне біз орманның сиқырын алдық! Орман бізге өте риза, оның бізге берген өз сиы бар екен.

Жаңғақтарды көрсету. біз бұл жаңғақтармен еңбек сабағында әр тұрлі жұмыстар жасаймыз. Ал қазір біз қайта топқа оралайық.

Топқа оралдық;

- Балалар біз қайда бардық?

-Не істедік?

-Саяхат ұнадыма?

Күз мезгілі

Қазан айы

Қыркүйек, қазан, қараша

Күн суытады, жапырақтар түседі, күн қысқарады, түн ұзарады

Орман – лес

Орманға келеді

Дайынбыз!

Себебі олар жылы жаққа ұшып кеткен

Қарлығаш, қараторғай, ұзақ, бұлбұл

Себебі, қыстын күні құрт-құмырсқалар болмайды, барлығы тығылып қалады, олар азық іздеп жылы жаққа ұшып кетеді

Сауысқан

Қарға

Торғай

Көгершін

Ойын ойнайды, мозайканы құрастырады

Птицы

Сергіту сәтін орындайды

Жануарлардың

Өте қу жануар

Тоқсары

Жұмсақ

Балықтармен, тауықтармен

Қорқақ жануар

Жазда сұр, қыста ақ

Сәбіздермен, жидектермен

Ол қауіпті жануар

Сұр

Ол жануарламен, етпен

Аю аңқау жануар

Қоңыр

Балмен

Азығын тап тапсырмасын орындайды

Дикие животные

Тәрбиешіні мұқият тыңдайды

Үйеңкі ағашы

Жапсырады

Шырша

Жапсырады

Қайың

Жапсырады

Емен

Жапсырады

Балалар жауаптары

Күтілетін нәтиже:

Нені білді: Қыстап қалатын құстар, жабайы жануарлар жайлы түсініктері кеңейді

Нені біледі: Жылы жаққа ұшып кететін құстар түрлерін, ағаш түрлерін біледі.

Ашық сабақ

Пән: Қоршаған дүниемен таныстыру

Тақырыбы: Күзгі орманға саяхат

Топ: Қарлығаш

Тәрбиеші: Ауданбекова Еркежан

 

Журнал

Дошкольник.РФ

Как попасть в журнал

Предлагаем педагогам, психологам, воспитателям, методистам, учителям и др. размещение творческого материала. Статьи можно присылать по адресу: doshkolnik@list.ru

Ближайший номер выходит 3 февраля

"Дошкольник.РФ"

Скачать Номер 1 (110) за 2019 год
Скачать Номер 12 (109) за 2018 год
Скачать Номер 11 (108) за 2018 год
Скачать Номер 10 (107) за 2018 год
Скачать Номер 9 (106) за 2018 год
Скачать Номер 8 (105) за 2018 год
Скачать Номер 7 (104) за 2018 год
Скачать Номер 6 (103) за 2018 год
Скачать Номер 5 (102) за 2018 год
Скачать Номер 4 (101) за 2018 год
Скачать Номер 3 (100) за 2018 год
Скачать Номер 2 (99) за 2018 год
Скачать Номер 1 (98) за 2018 год